ЖаңалықтарШымкент

«Өрт қауіпсіздік айлығы» шеңберінде кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар іске асырылуда

«2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үй секторында өрт профилактикасын жүргізу туралы» іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» бастау алған, оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен жүргізілетін іс-шаралар іске асырылуда.

Атап айтқанда, 1-кезеңде аудан әкімдерімен және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп халықтың әлеуметтік осал топтардың тізімін жинақталады, 2-кезеңде табиғи газбен қамтамасыз етілмеген тұрғын үйлерге және жатақханалар мен жатақхана ретінде қайта салынған үйлерде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі және 3-кезеңде жеке тұрғын үй секторларында профилактикалық жұмыстар жүргізілетін болады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306 бабына сәйкес, газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін, жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері үгіт материалдарын тарату, нұсқаулар беру және үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Осыған орай, өткен жылдың тамыз айынан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Жатақхана», «Улы газдан сақ болыңыз», «Әр үйге қауіпсіздік» бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жаппай хабарландыру мен акциялар жүргізіліп жатыр.

Back to top button