Шымкент қаласы аумағында 2023 жылдың 8 айында 139 өрт тіркелген
Шымкент қаласы аумағында 2023 жылдың 8 айында 139 өрт тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өскен (2022ж.–131 өрт).
Материалдық шығын 796 млн. 827 мың теңгені құрады,өткен жылдан 2,5 есе өскен (2022 ж. –272 млн.620 мың теңге). Құтқарылған материалдық шығын 1 млрд. 660 млн. 130 мың. теңгені (2022ж. –700 млн. 400 мың. теңге, 1,5 есе өскен) құраған.
Нәтижесінде өрттен 10 адам қайтыс болып, өткен жылмен салыстырғанда 10 есе өскен (2022ж.–1 адам). Биылғы жылы өрттен 1 адам жарақат алды. Өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға төмендеген (2022 жылы – 2).
Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 76,9% тұрғын үйлер (69 өрт немесе жалпы өрт санынан 55%) мен көліктердегі (38 өрт немесе жалпы өрт санынан 21%) өрт оқиғалары құрап отыр. Қалған 32 өрт немесе 23,1% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алып отыр.
Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 6 мың 286 га, оның ішінде орманды аймақ 5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га құрайды. Анықтама: Түркістан облысының «Бадам» орман шаруашылығы 4730 га , Шымкент қаласы Жасыл белдеу 1040 га.
Орман қорын қорғау мақсатында осы екі шаруашылықтың балансында, жалпы 22 бірлік бейімделген техника және 186 өрт сөндіру құралдары мен 14 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен адам құрамы дайындыққа келтірілген. Өрт қауіпті кезең басталғалы орман алқаптарында 1 өрт тіркелді өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға өскен (2022ж.–0 өрт), 1 өрт 20 га бидай алқаптарында орын алды өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз, (2022 ж.–1 өрт). Материалдық шығын 3 млн. теңгені құрады.
Дала-орман өрттерін алдын алу бойынша қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия 2 отырысында қаралған.Барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша 2 өрт-тактикалық оқу-жаттығу, 1 өрт-тактикалық сабақ өткізілді.