Aзық-түлік бағасы көтерілді

Қазақстанда азық-түлік бағасы көтерілген. Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.
Оның айтуынша, биылғы наурызында инфляция – 6,4 пайызға тең болған.
«Осы жылдың наурызында жылдық инфляция 2020 жылға белгіленген 4,6 пайыз нысаналы дәлізден асып, 6,4 пайызға көтерілді. Инфляцияның негізгі үлесі – азық-түлік тауарларының қымбаттауы. Олардың өсуі – 9,3 пайыз. Мұнда динамика бір жағынан көкөністер бағасының науқандық өсуінен, екіншіден карантиннің енгізілуіне және сұраныстың туындауына байланысты», – деді ол.
Сонымен қатар, Ерболат Досаев қант бағасының өскенін жеткізді.
«Осы жылдың наурызында басқа тауарларға қарағанда қант 8,5 пайызға, көкөністер мен жемістер 5,1 пайызға, қара бұрыш жармасы – 2,5 пайызға қымбаттады. Осылайша, наурызда азық-түлік тауарларының айлық инфляциясы 2017 жылдан бергі барынша жоғары мәнге жетіп, 1,7 пайыз болды», – деді ұлттық банк төрағасы.



