Шығыс Қазақстанда 3 адам коронавирустан жазылып шықты

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19-дан 3 адам сауығы шықты. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді, хабарлайды BasNews.kz.
Өңірдің бас дәрігерініңайтуынша, сауығыпкеткендердіңарасындаоблысорталығыныңекітұрғыны мен Семей қаласынанбірнауқас бар.
«Бүгін үшеуі де ауруханадан шықты. Өздерін жақсы сезінеді. Олар 1959 жылғы семейлік азаматша және Өскеменнен 1938 жылғы апа мен дәл осы 1938 жылы дүниеге келген ақсақал. Емделушілерде COVID-19 симптоматикасы жоқ, барлық талдаулар алынды. Рентген мен КТ зерттеулерінде ауру белгілері табылмады. ПТР-ге екірет талдау жасалды, екеуі де теріс нәтиже көрсетті», – деп атапөтті Ілияс Мұхамеджан.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы басқа науқастардың жағдайына тоқталып өтті. Қазіргі уақытта олардың барлығы Семей қаласындағы инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты.
Бүгінде анықталған 29 ошақтың 20-ы карантиннен алынды. Коронавирус тіркелген соңғы 2 жағдай бойынша 9 ошақ қалып отыр. Ол науқастармен байланыста 110 адам болған. Барлығы оқшауланған, талдау нәтижелері теріс. Жалпы қазіргі уақытта облыс бойынша провизорлық стационарларда 62 адам, обсервацияда 34, үйкарантинінде 249 адам бар.
Айта кету керек, облыс орталығының 4-ші қалалықауруханасынан және Семей қаласының балалар ауруханасынан карантин режимі алынды. Стационарда болған барлық қызметкерлер мен науқастар екірет тестілеуден өтті, нәтижелері теріс. Көрсеткіштер бойынша облыста барлығы 3209 адамзертханалық тексеруден өтті. Тестпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Шығыс Қазақстанда коронавирустың 8 расталған жағдайы тіркелген.



