BasNewsЖаңалықтар

40 бала коронавирус жұқтырды – Жандарбек Бекшин

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ата-аналардан балаларына ерекеше көңіл бөлуді сұрады, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Өзін-өзі оқшаулау ережелерін қатаң сақтау керек. Сіздердің назарларыңызды мынаған аударғым келеді, соңғы уақытта коронавирус инфекциясын 14 жасқа дейінгі 40 бала жұқтырған. Яғни, балалар ата-анасыз өздері далаға шығып ойнап, қыдырып келеді. Тіпті инфекция жұқтыру қаупі жоғары жерде жүруі мүмкін. Сондықтан балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Үйден шығуға болмайды. Ата-аналар Сіздерден осыны қадағалауды сұраймын»,– деді онлайн брифинг барысында Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Басқа жаңалықтар

Back to top button