BasNewsЖаңалықтар

ШҚО-дағы орман өрті ауыздықталды

Шығыс Қазақстан облысында «Семей орманы» резерват аумағындағы өрт ауыздықталды, – деп хабарлайды Basnews.kz  ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрт 25 сәуірде 19:00-де ауыздықталды. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орналастыру орындарына оралып жатыр», – делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге «Семей орманы» МОТР күштері мен құралдары жұмылған. «Су құю құрылғысы бар Ми-26Т борты арқылы 100 тоннан аса көлемде 13 төгінді құйылды. Ми-8 борты арқылы 30 тоннадан аса 13 төгінді жасалды», – деді ТЖК өкілдері.

Еске салайық, орман өрті 23 сәуірде басталған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 400-ден аса қызметкері мен 100-ден аса техникасы, сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең үлкен тікұшақ – МИ-26Т жұмылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button