Алматылықтар туған күнін төтенше жағдай кезінде түнгі клубта атап өтті

Алматыда караоке-бар мен түнгі клубтың иелері жазаланды, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz сілтеме жасап.
Алматы қаласының Бостандық және Әуезов аудандарында орналасқан бұл екі мекеме карантинге қарамастан жұмыс істегендігі анықталды. Тәртіп сақшылары клубтарға келген кезде ішінде адам көп болды: бір топ өзінің туған күнін атап өтті, екіншісі көптен бері кездеспегендеріне орай жиналды.
4-ші ықшам ауданда түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғаны туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлады, осы үшін біз оларға ризашылығымызды білдіреміз. Тексеру нәтижесінде осы ойын-сауық мекемесінен біздің бөлімге 30 адам жеткізілді, олардың 6-сы қызмет көрсету персоналы. Клуб қызметкерлерінің айтуынша, мекеме, оның иесі – 1987 жылы туған Л.есімді азаматтың айтуымен жұмыс істеген. Осы барда карантин туралы естімегендей әсер қалдырды: ол жерде алкоголь ішіп, би билеп, кальян шеккен”, – дейді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Әлішер Тұрсынбетов.
https://youtu.be/GRr04OEQJiU



