BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандықтар 42 500 теңгені екінші рет қашан алады

Елімізде төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемнің екінші айға қашан берілетіндігі белгілі болды, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін екінші айға арналған әлеуметтік төлем қазақстандықтардың есепшотына бірінші төлем түскен күннен кейін бір айдан соң түседі. Яғни, 42 500 теңге төлемді сәуір айының 11-де алған азаматтар мамыр айының бірінші онкүндігінде екінші төлемге қол жеткізеді» – деп түсіндірді Агенттік тілшісіне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 4 млн 251 мың әлеуметтік төлем тағайындалды.

Оның ішінде алғашқы айда – 3 млн 731 мың, екінші айда – 520 мың.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button