BasNewsЖаңалықтар
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 17,3 мың өтінім мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 29 473 өтінім қабылданды, деп хабарлайды Basnews.kz ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы 23 сәуірдегі жағдай бойынша несие алуға 335,20 млрд теңге сомасына 29 473 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 199,68 млрд теңгеге қарыз беруге 17 384 өтінім мақұлданды»,- делінген хабарламада.
Еске салайық, 7-20-25 бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына – 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна – 20% бастап. Несие мерзімі – 25 жыл.



