Жаңалықтар
Катонқарағай ауданында 60 киіз үй тігілді
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі аясында жаңа инфрақұрылымдық нысандар салынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл әр елден келген қонақтарды қабылдап, мәдени және спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік берді.
Орталық нысандардың бірі – 1000 орынға арналған жабық манежді ипподром. Бұдан бөлек, 60 киіз үй мен қосымша шатырлардан тұратын қалашық ұйымдастырылды. Қатысушылар мен қонақтардың жайлылығы үшін жарықтандыру және сумен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ 15 санитарлық-гигиеналық қондырғылар орнатылды.