
Екі күнге созылған «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумының нәтижесінде Абай облысы мен бірқатар өңірлер және отандық компаниялар арасында
өзара ынтымақтастық туралы 15 меморандумға қол қойылды.
Қол қойылған меморандумдар тізімі:
* Абай облысы білім басқармасы мен Астана қаласы құрылыс басқармасы – «Жайлы мектеп» жобасы аясында білім беру нысанын салу.
* Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС» – тазартылған май өндіретін зауыт салу.
* Абай облысының құрылыс басқармасы мен Шығыс Қазақстан облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы – Семей қаласының оң жақ жағалауында құрылыс жобаларын іске асыру.
* Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Ақтөбе облысының әкімдігі – Жекпе-жек сарайының құрылысы.
* Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен Түркістан облысының әкімдігі – Көрме орталығының құрылысын салу.
* Семей қаласының әкімдігі мен «KAZ Minerals» ЖШС – жаңа стадион құрылысы.
* «Семей» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен «QAZAQ-ASTYQ GROUP» ЖШС» – бұршақ және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын қайта өңдеу және пиллинг бойынша зауыт салу жобасы.
* Семей қаласының әкімдігі мен «Эйкос» ЖШС – қаланың аула кеңістіктерін абаттандыру.
* Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «DKPROEKT» құрылыс компаниясы – «Semey Smart City» ауданы бойынша жаңа жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу.
* Абай облысының туризм басқармасы мен «Бірлік-Павлодар» ЖШС – жол бойындағы сервистік нысандардың құрылысы.
* Жаңасемей ауданының әкімдігі мен ЧК MIRYILDIZ KZ Ltd. –Жаңасемей ауданында жаңа мектеп құрылысын салу.
* Үржар ауданының әкімдігі мен «Q4 Тұлпар» компаниясы –балабақша салу.
* Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мен «VIRA GROUP» ЖШС – сауда үйі жобасын жүзеге асыру.
* Курчатов қаласының әкімдігі мен «Samal Commodities» ЖШС –көмірді терең өңдеу арқылы аммиак пен карбамид өндіретін зауыт салу.
* Семей қаласының әкімдігі мен «Белес» құрылыс компаниясы – бокс орталығының құрылысы.