BasNewsЖаңалықтар

1 маусымнан бастап ел ішінде пойыз жүре бастайды

Үкімет экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылдады, деп хабарлайды Basnews.kz.

Оған сәйкес, 2020 жылғы 1 маусымнан бастап Мемлекеттік бас санитар дәрігердің талаптарын сақтауды ескере отырып, кезең-кезеңмен ішкі теміржол қатынасын жандандыру жоспарланып отыр.

Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Онда экономика салаларын қалпына келтіруге және халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button