BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда 18 мамырдан бастап қандай нысандар жұмыс істей бастайды?

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Прәлиева 18 мамырдан бастап қандай нысандар жұмыс істей бастайтынын айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«18 мамырдан бастап қоғамдық тамақтану орындары жұмыс істей бастайды. Оған 50 орындық жаздық кафелер мен мейрамханалар жатады. Сондай-ақ, балабақшалардағы кезекші топтардың, түзету кабинеттерінің тек жеке сабақтарға арналған жұмысы жатады.

Сауда орталықтарын ойын-сауық нысандарынсыз, қоғамдық орындарда, фудкорттарсыз, сұлулық салондарында маникюр, педикюр, косметологиялық қызмет көрсетусіз жұмысын жаңарту нұсқасы қарастырылады. Сондай-ақ ХҚКО ашу нұсқасы қарастырылып жатыр», – деді Жанна Прәлиева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button