АймақтарДенсаулықСпорт

Ұлытау облысында есу спорты мектебі заманауи қайықтар мен жабдықтармен толықты

Ұлытау облысында есу спорты мектебі заманауи қайықтар мен жабдықтармен толықты

Жезқазған қаласындағы есу спорты мектебіне облыстық бюджет есебінен жаңа жарыс қайықтары, жаттығу құрылғылары және қажетті спорттық жабдықтар сатып алынды.

Жаңартылған құрал-жабдықтардың ішінде академиялық есуге арналған қайықтар (жекелей және қосарланған), байдарка мен каноэ жаңа түрлері, сондай-ақ арнайы ескектер бар. Жақын уақытта соңғы үлгідегі каноэ қайықтары жеткізілуі күтілуде.

Мұндай ауқымды жаңарту соңғы рет 2018 жылы жүргізілген болатын.

Әлемдік деңгейдегі қайықтардың алынуы Ұлытау облысының спортшыларына дайындық сапасын арттырып, халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуге және Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңа спорттық база жастарды есу спортына тартуға жол ашып, өңірде бұл спорт түрінің кеңінен танымал болуына ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button