Жаңалықтар

ҰЛЫТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АРДАГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Мемлекет ісіне өмірінің ең қымбат жылдарын арнап, ел дамуына зор үлес қосқан мемлекеттік қызмет ардагерлері қоғам назарынан тыс қалған емес.

25 қазан – Республика күніне орай Ұлытау облысында өткен салтанатты жиында облыс әкімі Дастан Рыспеков ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісін Байтенов Қуанышбек Әнуарбекұлына табыс етті.

Қуанышбек Әнуарбекұлы 30 жылдан астам уақытын мемлекеттік қызметке арнап, еңбек жолында Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімінде, сондай-ақ аудан әкімдігі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімдерінде абыройлы қызмет атқарған.

Бұл марапат – мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан, өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары азаматтарға көрсетілетін зор құрметтің белгісі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button