Жаңалықтар

Ежелгі дәуірден бүгінгі үстелге дейін: Түркиядағы нан мәдениетінің үзілмес тарихы

Нан – адам баласының басты қорегі. Ал Түркиядағы нан – жай ғана азық емес, мыңдаған жылдарға созылған ұлы мәдени мұра. Археологиялық деректер нан дәстүріңің адамзаттың отырықшы өмір салтымен бірге басталғанын дәлелдейді.

Түркияның нан тарихы неолит дәуірінен бастау алады. ЮНЕСКО-ның тізіміне енген Кония маңындағы Чаталһөйүк қалашығында ғалымдар 8 600 жыл бұрын дайындалған нан қалдықтарын тапты. Бұл – әлемдегі ең көне ашытылған нан үлгілерінің бірі.

Чаталһөйүк

Одан бөлек, Ескишехир облысындағы Күлліөба қонысынан табылған 5 000 жылдық нан құрамында бидай мен жасымық болған. Қызығы, бұл ежелгі нан тек тағам емес, діни сенім нышаны да болған: оның бір бөлігі құрбандық ретінде отқа жағылып, үй табалдырығына көмілген.

8 600 жыл бұрын дайындалған нан

Бұл деректер Караман мен Шанлыурфадағы табылған VII–VIII ғасырларға жататын көмірленген нан үлгілерімен және қалыптармен толықтырылып, Түркиядағы нан мәдениетінің тамырының тереңде екенін айғақтайды.

Бүгінде Түркияның әр өңірінің өзіне тән нан түрлері бар. Мысалы:

  • Қаратеңіз жағалауында жүгері ұнынан жасалған нан басым;
Жүгері наны
  • Шығыс аймақтарда тандыр нанының орны ерекше;
Тандыр наны
  • Анадолының орталығында сорпа мен қуырдаққа қосымша ретінде «базлама» (жалпақ нан)ұсынылады.
Базлама

Түркияның ең танымал нандарының бірі – пиде. Бұл ағаш пеште пісірілетін жалпақ нан ірімшік, көкөніс немесе ет салмасымен дайындалады.

Пиде

Сонымен қатар, лаваш пен юфка (жұқа қамыр) дайындау дәстүрі әйелдердің ортақ кәсібі ретінде ғасырлар бойы сақталып, 2016 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген.

юфка

Лаваш көбіне кәуап, донер және чигкөфте тағамдарын орау үшін қолданылады, ал юфка – ірімшікпен таңғы асқа және әйгілі баклава сияқты тәттілерге арналған негізгі қамыр.

Лаваш

Нан – Анадолының тарихы, тұрмысы және сенімінің айнасы. Түркияға саяхаттап барған әр адам оның мыңжылдық дәстүрін тағам арқылы сезіне алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button