Жаңалықтар

Жезқазғанда терроризмнің алдын алу және қауіпсіздік шаралары талқыланды

Жезқазған қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен терроризмге қарсы дайындыққа арналған түсіндірме жиын өтті. Іс-шараны Ұлытау облысының Ұлттық қауіпсіздік департаменті мен облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Жиынның негізгі мақсаты – террористік қатер туындаған жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайда жедел әрекет етуге бағытталған оқу-жаттығулар арқылы қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру болды.

Мамандар қатысушыларға терроризмнің алдын алу, күдікті заттар мен тұлғаларды анықтау, төтенше жағдайдағы іс-қимыл тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер бойынша практикалық кеңестер алды.

Бұл шара мемлекеттік қызметшілердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button