Жезқазғанда терроризмнің алдын алу және қауіпсіздік шаралары талқыланды

Жезқазған қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен терроризмге қарсы дайындыққа арналған түсіндірме жиын өтті. Іс-шараны Ұлытау облысының Ұлттық қауіпсіздік департаменті мен облыстық Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Жиынның негізгі мақсаты – террористік қатер туындаған жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайда жедел әрекет етуге бағытталған оқу-жаттығулар арқылы қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру болды.
Мамандар қатысушыларға терроризмнің алдын алу, күдікті заттар мен тұлғаларды анықтау, төтенше жағдайдағы іс-қимыл тәртібі жөнінде жан-жақты түсіндірме берді. Сондай-ақ, қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Жиын соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер бойынша практикалық кеңестер алды.
Бұл шара мемлекеттік қызметшілердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болды.



