ЖАҢААРҚАДА АУЫЗСУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Жаңаарқа ауданына қарасты Жомарт және Ақбастау – 189 разъезд елді мекендерінде ауызсу жүйелерін тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жобалар биылғы жылдың шілде айында басталып, мердігер компания «Жаңаарқа – 2006» ЖШС арқылы жүзеге асуда.
Аталған жобалар заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару есебінен, арнайы мемлекеттік қор арқылы қаржыландырылып отыр.
🏘 Жомарт станциясы
Елді мекенде 34 үй, 161 тұрғын бар. Бүгінгі күнге дейін:
5,1 км магистраль және абоненттік құбырлар толық тартылды;
Насостық станция аумағы қоршалып, КПП құрылды;
100 м³ көлеміндегі 2 резервуар орнатылды;
Екі ұңғыма бұрғыланып, электр желісі жүргізілді;
Насостық станциясының іргетасы дайын, жақын күндері құрылғысы әкелінбек.
🚰 Ақбастау – 189 разъезді
Ақбастау (24 үй) және 189 разъезд (29 үй) бойынша 162 тұрғынды қамтиды. Бүгінде:
Су құбырлары толық тартылды;
Насостық станцияның қоршауы мен КПП құрылысы аяқталды;
100 м³ көлеміндегі 2 су резервуары орнатылған;
Екі ұңғыма бұрғыланып, электр желісі тартылып бітті;
Насостық станцияның іргетасы дайын, жабдықтар жақын арада жеткізіледі.
Жобалар ауыл тұрғындарын таза, сапалы және үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылыс жұмыстары жоспарға сай жалғасуда.



