BasNewsЖаңалықтарПікір

Бала құқықтарына бағытталған заң жобасы талқылауға ұсынылды

Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде депутаттар бастамашылық жасаған «Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда.

Заң жобасының негізіне БҰҰ Балалардың құқықтары жөніндегі комитетінің ұсыныстары, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер мәселелері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңеспен жіберілген ұсынымдар алынды.

Кеше депутаттар, бес министрліктің вице-министрлері, сондай-ақ қоғам мен Кеңестің өкілдері қатысатын жұмыс тобы аясында алғашқы талқылау басталды.

Ағымдағы заңнамаға өзгерістер енгізуге ұсынылатын мәселелердің үлкен тізімі дайындалды.
Біздер өз парақшамызда барлық маңызды сәттерді жариялап, жалпы талқылау үшін ең өзекті мәселелерді ұсынатын боламыз.

Достар осы кезеңдегі екі мәселе бойынша Сіздердің пікірлеріңіз біз үшің өте маңызды:

1. Балалардың құқықтары туралы заңға баланы оның барлық түрлерінен қорғау мақсатында «дискриминация» ұғымын енгізу қажет пе?

2. Екінші мәселе ата-ана жауапкершілігіне қатысты. Бала үшін ата-аналар, содан кейін мемлекеттік органдар мен қоғам жауапты болуы керек пе? Өкінішке орай, соңғы кездері ата-ананың баланы жабық машинада күн астында қалдырып, баланың қайтыс болуы және тағы да көптеген мысалдар келтіруге болады.

 

Back to top button