Катон-Қарағай ауданында Жаңа Конституция жобасы жөнінде маңызды кездесу өтті

Катон-Қарағай ауданының Аққайнар ауылында аудандық мәслихат депутаты А.К. Байгонысов медицина қызметкерлері мен педагогтермен кездесіп, Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында құжаттың маңызды қағидалары жан-жақты түсіндіріліп, олардың елдің тұрақты дамуына, құқықтық мемлекеттілікті нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі ерекше атап көрсетілді. Қоғамдық қатысуды арттыру және мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейту мәселелеріне де мән берілді.
Әлеуметтік сала өкілдері белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. Осындай кездесулер ашық пікір алмасуға жол ашып, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты тереңдетуге мүмкіндік береді.



