Жаңалықтар

Ұлттық құндылықтар – Жаңа Конституцияның өзегінде

Шығыс Қазақстан облыстық зағип және көру қабілеті төмен азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұжымымен коалиция мүшелерінің кездесуі өтті. Жиында Жаңа Конституция жобасының маңызы мен мәні түсіндіріліп, мәдениет пен шығармашылық саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.

Коалиция мүшелері атап өткендей, Конституцияның Преамбуласында Қазақстан халқы мәдениетке, білімге, ғылым мен инновацияға сүйене отырып Негізгі Заңды қабылдайтыны айқын көрсетілген. Бұл – мәдениетті ұлттық маңызы бар стратегиялық басымдықтардың деңгейіне көтеретін маңызды қадам.

«Жаңа Конституция жобасы – мәдениет пен руханиятты ұлттық дамудың негізгі тіректерінің бірі ретінде айқындайтын стратегиялық құжат. Шығармашылық еркіндіктің конституциялық кепілдігі мәдениет қайраткерлеріне сенімді құқықтық орта қалыптастырады. Сонымен бірге тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі нормалардың бекітілуі – ұлттың рухани тамырын қорғауға бағытталған нақты қадам. Бұл мәдениетті тек салалық бағыт емес, мемлекеттік маңызы бар құндылық ретінде танудың көрінісі», – деді Коалиция мүшесі Сания Аубакирова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button