Жаңалықтар
Қаражал қаласында Конституциядағы өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу өтті

Бүгін Қаражал қаласында «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұжымымен Конституциядағы өзгерістер жөнінде ақпараттық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында республикалық референдумда қабылданған жаңартулардың мәні, олардың қоғам өміріне және азаматтардың құқықтарын қорғауға әсері кеңінен талқыланды.
Ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндіріліп, заң үстемдігін нығайту мен елдің тұрақты дамуына қосқан үлесі жайлы ақпарат берілді.
Кездесу барысында ұжым мүшелері өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматта өткен диалог қоғамдағы өзара түсіністікті арттыруға және азаматтық белсенділікті көтеруге ықпал етті.



