Жаңалықтар

Бас Прокурор және прокуратура органдарының ардагерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің аумағында Бас Прокурор Берік Асылов және прокуратура органдарының ардагерлері әскери қызметшілермен кездесті.

 

Іс-шара әскери қызметшілер арасында ұрпақтар сабақтастығын нығайту және патриотизмді арттыру мақсатында «Сарбазға прокурорлық кеңес» Республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «патриотизм – бұл тек Отанға деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар өз еліңе пайдалы болуға ұмтылу.

Дәл осы патриотизм – біздің мемлекеттілігімізді сақтаудың басты кепілі».

 

Әскери бөлімнің жеке құрамымен әңгіме барысында Бас Прокурор «Заң мен Тәртіп» конституциялық қағидатын мүлтіксіз сақтаудың маңыздылығында атап өтті.

 

Бұл қағидат Ұлттық ұланның қызметінде нақты көрініс табады. Оның әскери қызметшілері тұрақты түрде азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, жоғары кәсібилік пен төтенше жағдайларда әрекет етуге әрдайым дайын екендігін көрсетіп келеді.

 

Әскери қызмет тәртіпті, жауапкершілікті және дене төзімділігін қалыптастыратыны, сондай-ақ білім алуға және одан әрі кәсіби дамуға мүмкіндік ашатыны атап өтілді.

 

Тәжірибе көрсеткендей, ұландықтар кез келген жағдайда алғашқылардың бірі болып көмекке келеді – адамдарды зорлық-зомбылықтан құтқарады, өрт кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін өзге де қауіп-қатерлердің алдын алады.

 

Мәселен, ағымдағы жылы Ұлттық ұланның 3660 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қызметтен үйлеріне қайтып бара жатып, тұрғындарды эвакуациялап, өрттен 20-ға жуық бала, әйелдер, қарттар және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құтқарып қалды.

 

Ұлттық ұлан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды институты ретінде азаматтардың өмірі мен құқықтарын күнделікті қорғауды жүзеге асырады.

 

Қонақтарға қызметте қолданылатын заманауи технологиялық шешімдер таныстырылды, оның ішінде жасанды интеллект функциясы бар бейне бақылау жүйелері және әскери қызметшілер мен олардың туыстарынан ақпарат қабылдайтын «Жедел желі» жұмысы көрсетілді. Сондай-ақ әскери техника мен қару-жарақ үлгілерінің көрсетілімі өтті.

 

Сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері Ұлттық ұланның Орталық мұражайына барып, онда әскерлердің қалыптасу және даму тарихымен, әскери қызметшілердің жетістіктерімен және қызмет ету жағдайларымен танысты.

 

Құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында елеулі нәтижелерге қол жеткізген және көзге түскен әскери қызметшілер Бас Прокурор тарапынан марапатталды.

 

Кездесу жалпы суретке түсу және дәстүрлі сарбаз ботқасынан дәм татумен аяқталды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button