Жаңалықтар

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Қызылорда облысының Сырдария ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында «Таза өлке – таза аула» атты ауқымды экологиялық акция өтті.

Шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру және туған жерге деген жауапкершілік сезімін күшейту.

Шараға Тереңөзек кентінің әкімі Нұржан Бисембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев пен аудандық әжелер кеңесінің төрағасы Ұлмекен Жаналиева, мекеме қызметкерлері, зиялы қауым, азаматтық қоғам өкілдері, жастар, еріктілер және тұрғындар белсене қатысты.

Кент әкімі тазалық мәдениеті мен туған жерге деген құрметтің көрінісі тапқан осындай игі бастамаларға тұрғындардың белсенді қатысуы ауданымыздың көркеюіне үлкен серпін беретінін атап өтті.

Акция барысында аудан көлеміндегі бірқатар аумақтарда санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар ағаш көшеттері отырғызылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылды.

«Таза өлке – таза аула» акциясы – Сырдария ауданындағы тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы жүйелі жұмыстардың жалғасы.

Осындай игі бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты нығайта түседі.

 

 

#ТазаҚазақстан

#тұрақтыдаму

#экология

#TazaChallenge

#TazaQazaqstan

Басқа жаңалықтар

Back to top button