BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам ұсталды

Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам видеоға түсірілді, – деп хабарлайды Basnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Видео Instagram желісіндегі «Доброе сердце» парақшасында жарияланды.

Видеоны ер адамның танысы түсірген дейді. Ол итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған танысына «Мака, қой, кәуап жасамай-ақ қой, керек емес» дейді. Алайда ол өз әрекетін тоқтатпады.

https://www.instagram.com/p/CA2VJwihoO_/

Атырау облысының полиция департаменті осы видеоға қатысты тексеріс бастады.

«Бұл оқиға 31 мамырда Еркінқала ауылының шетінде болған. Ер адам итті тоңазытқыштың есігімен қылғындырған. Күдікті анықталып, ұсталды», – деді полицейлер.

 

 

Back to top button