Жаңалықтар

Қаражал әкімдігі мен «Qarmet» ЖШС әлеуметтік әріптестікті нығайтты

Қаражал қаласындағы Платон Кляцкий атындағы саябақты жаңғырту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі мен «Qarmet» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

 

Бүгінде саябақты қайта жаңарту жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жоба аясында демалыс аймағын кешенді абаттандыру, заманауи инфрақұрылым нысандарын орнату, сондай-ақ тұрғындардың жайлы демалуына қолайлы жағдай жасау жоспарланған.

 

Аталған бастама қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және қоғамдық кеңістіктердің тартымдылығын күшейтуге бағытталған.

 

Жоспарға сәйкес, жаңартылған саябақ Кеншілер күні мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button