Жаңалықтар

Жезқазғанда сыбайлас жемқорлық пен интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған семинар өтті

Жезқазған қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту аясында «Заң мен тәртіп: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен одан қорғанудың тиімді жолдары туралы ақпарат беру.

Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Жандарбек Азимханов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет саласындағы адалдық қағидаттары және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында баяндама жасады.

Сонымен қатар Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Превенция және талдау әзірлемелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Орынбасар Қалекеев интернет-алаяқтықтың заманауи түрлері, қаржылық қауіпсіздік және азаматтардың алаяқтардың арбауына түсіп қалмауы үшін сақтауы тиіс негізгі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірді.

 

Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекеттің дамуына тигізетін кері әсері, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер және жеке деректерді қорғау мәселелері бойынша маңызды ақпараттар берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button