ПТР әдісімен тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты қандай – қаулы
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың 6 маусымдағы қаулысына сәйкес Қазақстанда ПТР әдісімен тестілеуден өтуі тиіс азаматтардың санаты бекітілді, деп хабарлайды Basnews.kz.
ПТР әдісімен тестілеуге мына азаматтар жатады:
1.1. Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:
1) СОVID-19-бен провизорлық және инфекциялық аурулар стационарына жатқызылған адамдар;
2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;
3) оқшаулаудың 1 және 7 күнінде COVID-19 науқастарымен жақын байланыстар қатарындағы адамдар;
4) байланыс фактісі анықталған кезде COVID-19 науқастарымен ықтимал байланыстар қатарындағы адамдар;
5) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және МСАК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19-бен ауыратын науқастар;
6) СОVID-19 симптомы жоқ вирус тасымалдаушылар симптомсыз вирус тасымалдаушылық фактісі анықталғаннан кейін 10 күніне.
1.2. Профилактикалық мақсатта:
1) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөтпелерде және темір жолда Мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;
2) шет елден авиарейспен келетін адамдар;
3) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (инфекциялық аурулар стационарлары, пульмонологиялық стационарлар (бөлімшелер), стационарлық изоляторлар (симптомсыздар үшін), карантиндік объектілер (дені сау адамдар үшін), стационарлардың қабылдау бөлмелері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың сүзгілері, жедел жәрдем бригадалары, ПТР диагностиканы жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері) айына 1 рет;
4) әскери бөлімдерге келген әскерге шақырылушылар.
Қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден оқуға болады.