Қоғам
Trending

ҚАЗАҚСТАН КӨКПАРДАН КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР!

Қырғызстанның Ыстықкөл өңірінде өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы көкпардан күміс жүлдеге ие болды.

20 мыңға жуық жанкүйер тамашалаған ақтық сында Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары кездесті. Тартысты бәсекеде алаң иелері 7:2 есебімен басым түсті.

Осылайша Қырғызстан чемпион атанып, Қазақстан күміс жүлдені еншіледі. Ел намысын қорғаған көкпаршыларымызға алғыс білдіреміз!

Айта кетейік, келесі VII Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2028 жылы Татарстанда өтеді.

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры

Басқа жаңалықтар

Back to top button