BasNewsҚоғамСаясат
Trending

Астанада ТМҰ саммиті қарсаңында «Түркі әлемі диалогтары» атты жиын өтті

2026 жылдың 29–30 қазанында Анкарада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 13-ші ресми саммиті қарсаңында Астанада «Түркі әлемі диалогтары: ортақ болашақ, ортақ көзқарас» атты отырыс өтті. 

Түркия Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар басқармасы ұйымдастырған жиынға дипломатиялық миссия өкілдері, сарапшылар, түрколог ғалымдар мен медиа жетекшілері қатысты. Басқосу барысында бірыңғай әліпбиге көшу, экономикалық және стратегиялық ынтымақтастық, сондай-ақ академиялық және мәдени байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Сурет: Казифнорм

Шараның ашылу рәсімінде Түркияның Қазақстандағы Елшісі Мұстафа Капуджу мен Коммуникациялар басқармасының басшысы профессор Бурханеттин Дуранның видеоүндеуі тыңдалды. Кейін Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Бюлент Байрамның модераторлығымен өткен панельдік отырыста қазақстандық және түркиялық ғалымдар баяндама жасап, түркі әлемінің жаһандық әлеуетін арттыру жолдарын сөз етті.

Сурет: Казифнорм

Жиын соңында сарапшылардың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, Түркі әлемінің жаһандық өзгерістер жағдайындағы ортақ келешегі мен стратегиялық әлеуетін арттыру жолдары талқыланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button