Жаңалықтар

«Абайская» шахтасының кеншілері өндіріс саласын дамыту мәселелерін талқылады

Қарағанды облысы Абай ауданындағы «Абайская» шахтасында еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.

 

Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Айжан Қиясова, Эрем Бариев және Игорь Жабяк қатысты.

 

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өнеркәсіп саласын дамыту, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шахта қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелері сөз болды.

 

Кандидаттар кеншілердің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды толғандырған мәселелер бойынша ашық пікір алмасты.

 

– «Өнеркәсіп саласының дамуы ел экономикасы үшін аса маңызды. Әсіресе, кеншілердің еңбегі үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Сондықтан өндіріс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау көрсету басты назарда болуы тиіс. Еңбек адамдарының ұсыныстары ескеріліп, олардың мәселелерін шешуге нақты көңіл бөлінуі қажет», – деді кандидат Айжан Қиясова.

 

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button