Автобус жүргізушілерінің еңбегі мен қоғамдық көлік сапасы талқыланды

Қарағанды қаласында №3 автопарк еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті.
Жиынға «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалынан ұсынылған кандидаттар Зара Шалабаева, Елдос Жүнісов, Дархан Тілемісов және Арафат Мажитов қатысты.
Кездесу барысында кандидаттар партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат беріп, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру, автобус жүргізушілерінің еңбек жағдайын жақсарту, жолаушылар тасымалының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар автопарк қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелер бойынша ашық пікір алмасу өтті. Кездесуге 70-ке жуық адам қатысты.
– Қоғамдық көлік – қала тұрғындарының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Оның сапалы әрі қауіпсіз жұмыс істеуі автобус жүргізушілері мен автопарк қызметкерлерінің еңбегіне тікелей байланысты. Сондықтан олардың еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік қолдау көрсету және саладағы өзекті мәселелерді шешу маңызды. Бүгін еңбек ұжымымен кездесіп, олардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдадық, – деді Арафат Мажитов.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Бекзат Қомарұлы Алтынбеков.
Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.



