BasNewsЖаңалықтар
Өскеменде жаңа аллея салынып жатыр

Өскемен қаласында жаңа демалыс орны пайда болмақ, деп хабарлайды Basnews.kz.
Бұл жайлы қала басшысы Жақсылық Омар Instagram-дағы парақшасында жазды.
«19-шы шағын ауданда жаңа аллея салынуда. Демалыс орнының ұзындығы бір шақырымнан асады. Бүгінде аллеяның жартысы толықтай қолдануға берілді, ал қалған бөлігінде абаттандыру жалғасуда. Бұл жер тұрғындардың сүйікті орнына айналатындығы сөзсіз», – деді ол.
Қала әкімінің мәліметінше, аллея аумағында 350-ден астам көшет отырғызылған. Сондай-ақ орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылып, жарықтандыру жүргізілді.



