BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға жеткізілді

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус аударылып қалды, – деп хабарлайды

Апат таңғы сағат 09:40-та Ғ. Жұбанова мен О. Сеитов көшелерінің қиылысында болды. Такси қызметіне тиесілі Volkswagen Polo автокөлігі мен №37 маршруты бойынша келе жатқан ПАЗ автобусы соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде автобустағы 26 жолаушы (19 әйел мен 7 ер адам) Ақтөбе ауруханасына жеткізілді. Тергеу жұмыстары басталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін көктайғақта жолда мұқият әрі ұқыпты болуды сұрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button