Пікір
Самат Нұртаза: «Ата-анасында үй болмаған ұрпақ келе жатыр»
Біздің ата-аналарымыздың жаман-жақсы, әйтеуір бір үйлері бар. Ауылда болсын, қалада болсын. Сол өсіп-өнген қара шаңырақ дегендей. Біздің буын өкілдері өмірінің соңында 85-90% үй мәселесін шешер. Арамызда бірең-сараңдар ғана өмір бойы пәтер жалдап өтер.
Ал біздің балаларымыздың буыны, яғни 2000 жылдан кейін дүниеге келгендердің көбісі үйсіз болатын сияқты. Себебі олардың өздері ғана емес, оларды ата-анасында үй болмаған ұрпақ келе жатыр. Ойласаң – сұмдық. Жалпы менің байқағаным, өз үйі болмаған адамның табиғатында бір суықтық байқалады. Ол суықтық баспана мәселесі шешілгенде ғана адамның санасы мен мінезінен кетеді.
Самат Нұртаза
Дерек көзі: facebook.com/NordmanKZ