BasNewsЖаңалықтар

Бурабайда пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

Ақмола облысы Бурабай ауылында тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды, – деп хабарлайды BasNews.kz

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болғанын хабарлады.

«Сағат 00:00-де Бурабай ауылының тұрғыны көп қабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде кісі өлтіргенін айтып, Бурабай АПБ кезекші бөліміне хабарласты. Жедел-тергеу тобы пәтерге келгенде, онда зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесі табылды», – дейді полиция өкілдері.

Полиция қызметкерлері Бурабай ауылының бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша соталды іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button