BasNewsЖаңалықтар

Елордадағы Достық үйінде «Алғыс айту күніне» арналған мерекелік шаралар өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Алғыс айту күнін мерекелеуге арналған шаралар өтті, деп хабарлайды BasNews.kz.

Шараны ұйымдастырушы – Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Маңызды жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері, ҚР Парламенті депутаттары, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен мемлекеттік орган қызметкерлері қатысты.

Іс-шара мақсаты-Еліміз тәуелсіздігін және Қазақстанды мекен еткен этнос өкілдерінің қазақ халқына деген достық қарым-қатынастарын дәріптеу, жас ұрпақтарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, олардың ел тарихын біліп өсуіне ықпал жасау.

Мерекелік шара аясында жоспарланған бағдарламаға сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің және «Жас Сарбаз» патриоттық жастар қозғалысының қолдауымен әлемнің төрт дүркін, Гиннестің рекордтар кітабының және Қазақстанның алты дүркін рекордшысы Сергей Цырульниковтің «Біртұтас Қазақстан!» атты флешмобы ұйымдастырылды.

Маңызды шараның кезекті бөлігінде ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдерінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қызметкерлерінің, ҚР Парламенті депутаттарының, Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері қызметкерлерінің, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің және мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, оның барысында мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі атқарылған істерге кеңінен тоқталды. Соның бастысы, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына басымдық берілді.

Жиынға қатысушылар мемлекеттілігімізді нығайту ісінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі елеулі болғанын атады. Мәселен, Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды.

«Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.  Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. Ел аумағы ядролық қарудан толық тазартылды. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік.  Нарықтық экономиканың заңдылықтарын қатаң сақтай отырып, отандық бизнестің өркендеп дамуына негіз қаладық. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа қоныстандырып, Ұлы даланың өршіл рухын өрістетіп, елдік тұтастығымызды паш ете білдік! Бұл атқарылған істердің бір көрінісі ғана!

Ел дамуына бағытталған істердің барлығын тізіп шықсақ, оған көңіл де, көз де сүйсінері шүбәсіз. Ал бүгінде осы жарқын істерді сәттті сабақтастырып, ел дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың да алға қойған міндеттері орасан. Жалпы, жиынға қатысушылар өз сөздерін осы негізде өрбітіп, елдің тұтастығы мен онңы кемел дамуы баршамызға қатысты екендігін мәлімдеді.

Шараның кезекті бөлігінде тікелей эфир ұйымдастырылып, тарих ғылымдарының докторы, профессор, мемлекеттік Тарих институтының директоры Әбiл Еркiн Аманжолұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өткізді.  Кездесу барысында тарихтың ақтаңдақ беттеріне қатысты деректер әңгіме өзегіне арқау болып, кейбір тың деркктер туралы мәлімет айтылды.

Кезең-кезеңге бөлінген Алғыс айту мерекесінің сәтінде елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің көрме-жәрмеңкесі, олардың концерттік бағдарламсы ұйымдастырылып, бұған дейін Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде онлайн негізінде өткізілген байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Сонымен бірге, Отанға адал қызмет етіп, елеулі үлестерін қосып келе жатқан ұстаздарға, дәрігерлерге, жалпы барша қазақстандықтарға бейнебайланыс арқылы алғыс айтылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Back to top button