BasNewsЖаңалықтар

Елордадағы этномәдени бірлестіктер «Алғыс марафоны» қайырымдылық акциясын өткізді

Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктері «Қазақстан-берекелі шаңырақ» атауымен «Алғыс марафоны» қайырымдылық акциясын өткізді. Акцияны ұйымдастырушы-Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, деп хабарлайды BasNews.kz.

Қайырымдылық акциясының мақсаты-мұқтаж жандарға көмек көрсету, адамгершілік гуманизмін дәріптеу, қоғамды ізгілікті істер жасауға үндеу.

Осы жолғы акция аясында елорда этномәдени бірлестіктерінің өкілдері әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың мекенжайларына саны 70 қорап болатын азық-түлікті жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық шараларын ұдайы өткізіп келеді. Осының алдында республика аймақтарында болған оқиға мен төтенше жағдайдан зардап шекендерге  гуманитарлық көмек көрсеткен болатын. Әлемді әуре-сарсаңға салған пандемия кезінде де әлеуметтік көмекті қажет ететін елдегі азаматтарға қайырымдылық көмегін жасады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға, сондай-ақ балғындар отасына қаржылай қолдау көрсетті. Оларға өмірлік қажетті бұйымдар да сатып алып берді.

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі бүгіңде еліміздегі этностардың құтты шаңырағына айналып отыр. Олардың бір кісідей жұмылуы нәтижесінде, өткен жылдың өзінде бұл жерде бірнеше қайырымдылық шаралары өткізілді. Сол істердің дерлігі  елорда тұрғындарының көңілінен шықты. Бұл-күнделікті жұмыстың бір бөлігі ғана. Алда ауқымды жоспарлар мен атқарылар іргелі міндеттер тұр.

Back to top button