BasNewsЖаңалықтарСараптама

Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы BasNews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,00% және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,00%болады.

Шешім азық-түлік нарықтарындағы сақталып отырған теңгерімсіздіктерге, сыртқы сектордағы жоғары белгісіздікке, сондай-ақ инфляцияның жылдамдау тәуекелдерінің болуына байланысты экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделген. Халықтың инфляциялық күтулері тұрақталмаған және жоғары деңгейде қалып отыр, делінген хабарламада.

Сонымен қатар тұтынушылық сұраныс тарапынан дезинфляциялық әсердің біртіндеп әлсіреуі күтілуде, бұл эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы жағдайында экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне байланысты болады.

Back to top button