BasNewsЖаңалықтар

Қордай оқиғасы бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қордайдағы оқиғаларға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қозғалған қылмыстық істер өте көп, күн сайын үсті-үстіне қосылып жатыр, өйткені тергеу кезінде жаңа жағдайлар анықталып жатыр … Шамамен әртүрлі эпизодтардағы 90-ға жуық қылмыстық іс болды», – деді Қожаев.

Оның айтуынша, бүгіндері жүздеген адамнан жауап алынды, осы іс-шараларға қатысушы әр адамның рөлін айқындауға бағытталған процедуралық іс-шаралар жүргізілуде, қажетті тексерулер жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

«Барлық қажетті процедуралық дәлелдемелер алынғаннан кейін кінәлілер жауапқа тартылады», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

Бұған дейін Қордай аймағындағы тәртіпсіздік фактілері бойынша 25 қылмыстық іс тіркелгені хабарланған: кісі өлтіру, бұзақылық, мемлекеттік қызметкерге қатысты күш қолдану, бөтеннің мүлікін талқандау, сондай-ақ қаруды заңсыз өндіру және сақтау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button