BasNewsЖаңалықтар
Болат Боқауов абақтыдан шықты
Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үй қамауына алынды, – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Экс-әкімге қатысты бұлтарпау шарасы үй қамауына өзгертілген. Сондай-ақ, соттағылар Боқауовтың денсаулығы нашарлауына байланысты осындай шешімнің қабылданғанын айтады. Ол тергеу абақтысында отырғанда өзін нашар сезінген.
Ал оған дейін Бақауовтың лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті екені хабарланған еді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген болатын.



