BasNewsЖаңалықтар

Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді

Мемлекет басшысының неге «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтарға ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жауап берді, деп хабарлайды BasNews.kz.

«Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті. Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді», деп атап өткен өз жазбасында Берік Уәли.

Back to top button