BasNewsЖаңалықтар

ҚР Әкімшілік рәсімдік – процестік Кодексі: Заңнамаға қандай өзгерістер енгізілді

1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік Кодексі күшіне енеді. Заң саласының мамандары ҚР Жоғарғы Соты және ҚР Әділет министрлігінің білікті заңгерлері шетел және бұрыңғы кеңестік мемлекеттердің халықарлық стандарттарға сәйкес тәжірибелеріне сүйене отырып, аталған Кодекстің қабылдануына көп жұмыс жасағанын алға тартады, деп хабарлайды BasNews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әкімшілік рәсімдік процестік Кодексі өзара екі байланыс нысандарының қызметін, яғни әкімшілік актіні қабылдау рәсімі мен оны даулау процесін көрсетеді.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік Кодексінің қабылдануы – біздің еліміздегі елеулі оқиға. Кодекс-құқықтық мемлекеттің маңызды атрибуты, азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тің сенімді тірегі десек те болады», – дейді Түркістан облысының Әділет департаментінің бас маманы Үрмия Құлымбет.

Кодекс жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыруды; жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізуді; тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз етуді; жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайтуды қамтамсыз етеді.

 

 

Back to top button