BasNewsЖаңалықтар

Вакцина салдырғандар Ashyq-та қашан және қалай белгіленеді?

Ashyq жүйесінде вакцина алған тұрғындар қандай түсті мәртебеге ие болатыны белгілі болды, деп хабарлайды BasNews.kz.

Ashyq қосымшасында вакцинация паспорты қашан біріктіріледі және мұндай азаматтар қандай түсті көрсетеді? Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде БАҚ өкілдері жоба жетекшілерін осындай сауал қойды.

Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жанар Оразалина вакциналау паспорты Ashyq қосымшасына кіріктірілетінін айтты. Қазір бұл мәселе Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрліг нің мамандарымен бірге пысықталып жатыр.

«Вакцинаның екі компонентімен толық егілгендердің мәртебесі жасыл түспен белгіленетін болды», – деп түсіндірді Жанар Оразалина.

Департамент басшысы вакциналау паспорты Ashyq қосымшасымен 1 шілдеге дейін интеграцияланатынын айтты.

Back to top button