BasNewsЖаңалықтар

Даниял Ахметов: Зайсанда бәрі тыныш

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Естеріңізде болса, коронавирустық инфекция туралы толық ақпарат болмауы салдарынан жергілікті халық Қытайдан келген қазақстандықтардың ауруханаларға орналастырылуына наразылық білдірген. Осы мəселеге орай аймақ басшысы аталған ауданға шұғыл жұмыс сапарымен барды. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

– 15 адамнан тұратын комиссия құрылды. Жиналған халық үйлеріне тарады, ешқандай мәселе жоқ. Барлығы келісімге келді. Комиссияны өзім басқаратын боламын, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Комиссия жергілікті тұрғындардың бастамасы бойынша жұмыс істей бастады. Оның құрамында аудан тұрғындары, облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы бар.

Комиссияның негізгі міндеті инфекцияның алдын алу жəне карантиндік іс-шаралар ұйымдастыру, тұрақты мониторинг жүргізу.

Ертең Даниал Ахметов комиссия мүшелерімен бірге шекаралық және кедендік аймақтарға барып, ол жердегі жағдаймен танысады. Сондай-ақ қытайлық компанияға барады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button