46 алматылықтан дельта штамы анықталды

Алматыда вирус жұқтыру жағдайларының өсуі «дельта» штамына байланысты. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz.
«Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77-сі «альфа» немесе ұлыбританиялық штамм, 46 үлгіде «дельта», үнді штамы анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма», оңтүстікафрика штамы мен бір нью-йорк, «бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген «дельта» штамының салдарынан», – деді Жандарбек Бекшин ОҚК онлайн-брифингінде.
Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ жұқтырғандар үлес салмағы 32 пайыздан 53 пайызға дейін артты, бұл COVID-19-дың «дельта» штамы тез тарайтынын көрсетті.



