BasNewsЖаңалықтар
Мессенджерде қызды балағаттаған Ақтау тұрғыны жазаланды

Мессенджерде қызды балағаттаған Ақтау тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды Лада.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, ер адам WhatsApp мессенджері арқылы қыздың ар-намысына тиетін сөздер жазып жіберген. Бұл жағдай Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды. Ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434 бабы, 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 айлық есептік көрсеткіш немесе 13 255 теңге көлемінде айыппұл салынды.



