BasNewsЖаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында ит бес жасар қызды талап өлтірді

Батыс Қазақстан облысында ит бес жасар қызды қауып өлтірді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Мой город порталына сілтеме жасап.

Оқиға Бәйтерек ауданы Трекин ауылында 9 шілде күні кешке қарай болды. Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, бес жасар қыз Ресейден отбасымен осында тұратын атасына қыдырып келген. Атасымен бірге далаға шөп шабуға барған кезде итке таланып қалған. Ит атасынікі.

Ауыл әкімі Мәлік Сейтов қайғылы оқиғаның орын алғанын растады. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, қыз оқиға орнында көз жұмды. Оның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button