BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда 2 бала коронавирус індетінен қайтыс болды

Қазақстанда 34 мың бала COVID-19 жұқтырған, төрт баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Жыл басынан бері 34 мың бала коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бүгінде 558 бала стационарлық деңгейде емделіп жатыр, 13 жаңа туған нәрестеде коронавирус инфекциясы байқалады», – деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният.

Оның айтуынша, 2021 жылдың басынан бері аурушаңдық шамамен 4-5 есе өскені байқалады. Елімізде төрт баланың жағдайы ауыр.

«Ақмола облысында, Нұр-Сұлтанда, Қызылорда облысында және Жамбыл облысында ауыр жағдайдағы балаларды бақылап отырмыз. Жыл басынан бері екі бала қайтыс болды: СҚО-да және біреуі Нұр-Сұлтанда», – деді вице-министр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button